HALYQLINE.KZ Тасмания жағалауында 380-ге жуық қара дельфин жағалауға шығып қалып, қырылып қалды. Бұл – Австралия тарихындағы ең ірі оқиға.
Құтқарушылар бүгінге дейін 50-ге жуығын құтқарған, қалған 30-ына көмектесу үшін жұмыс істеуде.
– Олар әлі тірі және суда, біз оларды құтқарамыз деп үміттенеміз. Бірақ уақыт өткен сайын олар да шаршап қалуда, – дейді Тасмания билігінің өкілі Ник Дека.
Мұндай жағдай бұл аймақта сирек кездеседі. Көп мөлшердегі су жануарларының жағалауға шығуы соңғы рет 2009 жылы тіркеліп, ол кезде 200 дельфин өлі күйінде табылған.
– Кейбір жануарларды олар өте үлкен және қолайсыз жатқандықтан оларды құтқару мүмкін болмайтынын айтты. Кей дельфиндердің ұзындығы 7 метрге жетеді және салмағы 3 тоннаға дейін жетеді. Алдымен тірі қалуға мүмкіндігі бар жануарларды құтқарамыз, – деп түсіндірді биолог Крис Карлион.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!