Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада «Үздік аула-2026» байқауының жеңімпаздары анықталды

09.10.2026, 10:35 70

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласында тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, аулаларды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын ынталандыру мақсатында «Үздік аула – 2026» байқауы өтті, деп хабарлайды қалалық қоғамдық даму бөлімі.

Байқауға тазалығымен, гүлзарларымен, жасыл желектерімен және көрікті келбетімен ерекшеленген аулалар қатысты. Қатысушылар ауланы таза ұстау, айналаны көгалдандыру және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы еңбектерімен ерекшеленді.

Байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, төмендегі тұрғындар жүлделі орындар мен арнайы номинацияларға ие болды:

І орын – «Сырдария» мөлтек ауданы, №2 үй, 21-пәтер тұрғыны Қуатбаева Жанерке Асқарбекқызы;

ІІ орын – «Сырдария» мөлтек ауданы, №1 үй, 8-пәтер тұрғыны Алдамбергенова Гүлназым;

ІІІ орын – «Астана-2» мөлтек ауданы, №81В тұрғын үй, 33-пәтер тұрғыны Әсафи Азамат Балтабайұлы.

Сонымен қатар арнайы номинациялар бойынша:

«Бірлігі жарасқан аула» – «Сырдария» мөлтек ауданы, №10 үй, 37-пәтер тұрғыны Төлеміс Бақыт Талғатұлы;

«Жасыл желекті аула» – «Сырдария» мөлтек ауданы, №21 үй, 36-пәтер тұрғыны Жүсіпбай Еңлік Серікқызы;

«Таза аула» – «Астана-2» мөлтек ауданы, №50А тұрғын үй, 33-пәтер тұрғыны Ортай Мардан Талғатұлы марапатталды.

Аталған байқау – қала тазалығын сақтауға, тұрғындардың ортақ іске деген жауапкершілігін арттыруға және аулаларды абаттандыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Әрбір тұрғынның белсенділігі мен жанашырлығы қаланың көркеюіне үлес қосып, таза әрі жайлы ортаның қалыптасуына ықпал етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: