Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 118 шетелдік жауапқа тартылды

09.10.2026, 9:50 55

Қызылорда облысында «Қауіпсіз үй» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр деп хабарлайды, halyqline.kz тілшісі kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері іс-шараның алғашқы үш күнінде облыс орталығында 602 проблемалық тұрғын үй мен өзге де нысанды аралап, тексерді.

  • 893 проблемалық мекенжай анықталып, оның 163-і бойынша кешенді профилактикалық жұмыс жүргізілді. 76 қолайсыз отбасы ерекше бақылауға алынды. Көші-қон саласында 125 құқықбұзушылық анықталды. Ел аумағында заңсыз жүрген 118 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 шет ел азаматын республика аумағынан мәжбүрлеп шығару жөніндегі құжаттар сотқа жолданды, — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

416 қару иесін тексеру нәтижесінде сақтау және тіркеу талаптары бұзылған 6 қару тәркіленді. Тіркелмеген 3 атыс қаруы айналымнан алынды.

  • Жедел-профилактикалық жұмыс барысында есірткі жарнамалайтын 4 граффити жазуы жойылды. Тұрғылықты жері жоқ 4 адам ұсталды. Түнгі рейдтер кезінде құқық бұзған 53 жасөспірім полиция органдарына жеткізілді, — делінген хабарламада.

  • Фото: видеодан скрин
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: