Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада тестілеу өткізілді

13.06.2026, 11:45 288

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында «ҚАЗТЕСТ» – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қол жеткізілуі тиіс нысаналы көрсеткіштер белгіленген.


​Атап айтқанда, 2026 жылы мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдар мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің үлесі — 40 %, ал В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі — 47 % құрауы тиіс.
​

Осы ретте, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы 2026 жылғы 10–12 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өткізді.
​Тестілеуге аумақтық департаменттердің, әскери құрылымдар мен ұйымдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қызылорда филиалының қызметкерлері қатысты.

Жалпы тестілеуден 500-ден аса адам өтті.
​Тестке қатысушылар «Тыңдалым», «Оқылым» бөлімдері бойынша тапсырмалар орындады.


​Диагностикалық тестілеу нәтижелері қатысушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға, сондай-ақ олардың тілдік құзыреттерін одан әрі жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: