Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық аймағында кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Маңызды экологиялық іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін арнайы қатысып, экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды.
Жалпыұлттық бастамаға Қармақшы ауданы да ауызбіршілікпен атсалысып, аудан әкімі Жандос Еркінбектің тікелей бақылауымен ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Аудан көлеміндегі 2 кент және 12 ауылдық округтің барлығында сенбілік ұйымдастырылып, тұрғындар белсенділік танытты.
Сенбілікке бөлім, мекеме қызметкерлері, білім беру ұйымдары, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары жұмыла қатысып, белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Орталық көшелер мен қоғамдық орындар, саябақтар мен арықтар тазаланып, ретсіз өскен арамшөптер де жұлынды. Сонымен қатар ағаштарды әктеу, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қатар жүргізілді. Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техникалардың көмегімен арнайы орындарға шығарылды.
Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!