Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37(қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесінде жазасын өтеушілермен мекемеге келген күннен бастап тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі. Оларға мекеменің ішкі күн тәртібі, құқықтары мен міндеттері мекеме қызметкерлерімен түсіндіріледі.
Жазасын өтеушілер арасында мекеменің ішкі күн тәртібіне бағынғысы келмейтіндер де кездеседі. Олармен мекеме психологы, тәрбие бөлімінің қызметкерлері жұмыс жасайды.
Режим тобынынң жедел уәкілі әділет майоры Ә.Рахмановтың айтуынша, жыл басынан бері 3 сотталған азамат мекеменің ішкі тәртіп ережелеріне бағынбаған. Атап айтқанда олар 2 рет сотталғандардың пайдалануы мен сақтауына тыйым салынған заттарды алып кірмекші болған. Мекеме қызметкерлері күнделікті қала ішінде жұмыс жасайтын сотталғандарды тінту-тексеру жұмыстарын жүргізеді. Осындай тексеру кезінде атлаған факт анықталған.
Үш сотталғанның іс –құжаттары жинақталып, Қызылорда қалалық сотына ұсынылып, нәтижесінде сот қаулысымен қауіпсіздігі төмен мекемесінен қауіпсіздігі орташа мекемесіне жазасын одан әрі өтеу үшін ауыстырылды.
– Бес саусақ бірдей емес, сотталғандар арасында да тағдырлары әр түрлі жаңылып жаза басқандар бар. Түзеу мекемесінен босап шыққан соң жеке кәсіпке бет бұрған азаматтар да бар. Өз ісіне өкініп, түзелуге бет бұрғандар мекеменің іс-шараларына қатысып, өзін жақсы жағынан көрсетіп, тәртібі дұрысталып, көтермелеу шараларын алып, мерзімінен бұрын босап жатқандар да бар. Әрбір жазасын өтеушінің жазасын өтеп шыққан соң, қайта өмірге бейімделіп қоғамға тез сіңісіп кетуіне жұмыс жасаймыз және оларға заң талаптарында көрсетілген міндеттерді қатаң сақтауға, егер бұзған жағдайда басқа мекемеге ауыстырылатындығын да ескертеміз,- дейді әділет майоры Ә.Рахманов.
Дана Достанова,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!