Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әнші Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамауға алынды

05.02.2025, 12:10 47

 Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы соты Алмас Кішкенбаевты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп тауып, 15 тәулікке қамауға алды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылған.

Сот мәліметінше, Алмас Кішкенбаев бұл әрекетті мас күйінде жасағанын айтқан. Сондай-ақ әншінің өзі ештеңе есінде жоқ екенін жеткізген.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: