Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Педагогтердің біліктілігін арттыру және аттестация мен ротация

31.08.2022, 18:55 334

Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет:

Соңғы жылдары мұғалім мәртебесін көтерудің барлық алғышарттары жасалып, материалдық ынталандыру аясы кеңейіп келеді. 2020 жылдан бастап, ұстаздарға қажетті үстемақы төленуде. Биыл да бұл жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында републикалық бюджеттен  52,4 млрд теңге қаржы бөлінсе, келесі жылы педагогтердің жалақысы тағы 25 пайызға көбейетін болады. Осылайша Мемлекет басшысының тапсырмасы толық орындалып, мұғалімдердің жалақысы 100 пайызға өседі. Тағы да жақсы жаңалықтардың бірі – алдағы күндері үздіксіз педагогикалық еңбек өтілі 25 жыл және одан асқан барлық мұғалімге «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» төсбелгісі берілетін болады. Ал осы педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа тәртібі үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Бос орындарға толық жүктеме қалыптасқан жағдайда, ұстаздар ашық конкурстық іріктеу арқылы қабылданады. Жұмысқа қабылдаудың жаңа тәртібі бойынша бүгінгі күнге мектептерге 36 маман қабылданды. Сондай-ақ, педагогтер 3 жылда кемінде бір рет біліктілік арттыру курстарына қатысуы тиіс. Бұл бұрын бес жылда бір рет біліктілік арттыру курсынан өтетін болған. Бүгінгі күні аймақта 18 мемлекеттік балабақша мен 28 мектепте басшылардың бос орындары қалыптасып отыр. Бос жұмыс орындарына конкурстар өткізілген, дегенмен үміткерлердің тестілеу кезеңінен өте алмау себебінен басшылар тағайындалмаған. Облыста ротациялаумен 43 балабақша, 49 мектеп басшылары қамтылады, 250 білім беру ұйымдарының басшылары аттестацияланады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: