Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір мектепті 7 жыл басқарған басшылардың қызметі тексеріледі – Бейсембаев

19.05.2023, 14:42 551

HALYQLINE.KZ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Антикормен бірлесіп мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын қаржыландырудағы коррупциялық тәуекелдерге сараптама жүргізіп жатқанын айтты.

– Сараптаманың алдын-ала нәтижелері  бойынша конкурс рәсімдерінде, жұмысқа орналасуда, балаларды балабақшаға, мектепке қабылдауда, сондай-ақ ұйым директорларының ұзақ уақыт бір қызметте отыруында сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екені белгілі болды. Лауазымды бір  қызметті жеті жылдан аса уақыт кезеңінде атқарып келе жатқан басшылардың барлығын тексеру туралы шешім қабылданды, – деді Ғани Бейсембаев.

Бұдан былай мектеп директорларын тағайындау рәсімдерінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында министрлікте жоғары білікті мұғалімдердің базасы мен мектеп директорларының кадрлық резервін қалыптастыру қолға алынады.

Министр бұған дейін «Алтын белгі», мұғалімдерді тестілеу, аттестаттау, портфолио жинату мәселесін сөз еткен. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: