Қармақшы аудандық сотының ұйымдастыруымен «24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күніне» орай шағын футболдан жасөспірімдер арасында турнир өтті. Оған 2014-2016 жылғы жасөспірімдер қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарды қолдау, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру.
Іс-шараның ашылу салтанатына аудандық сот төрағасы Қ.Мыханов, аудан әкімінің орынбасары С.Қыдырбекұлы, аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов, аудан прокуроры М.Маханбетжанов, Жосалы кенті әкімі А.Досмұратов қатысып, жас өрендерге сәттілік тіледі.
Жарысқа 6 команда қатысып, «Қармақшы» командасы 1-орын, «Жандос» командасы 2-орын, «Жасқайсар» командасы 3-орын иеленді. Жеңімпаздарға іс-шараны ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар мен кубоктар табыс етілді. Сондай-ақ жарыс барысында үздік ойын көрсеткен ойыншылар арнайы «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік сұр мерген» номинацияларымен марапатталды.
Іс-шара соңында төраға Қ.Мыханов аталмыш турнир 24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күніне орай алғаш рет ұйымдастырылып отырғандығын және қатысушыларға белсене қатысқандары үшін рахмет айтып, алдағы уақытта мұндай турнирлер жалғасын табатындығын жеткізді.
Қармақшы аудандық соты
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!