HALYQLINE.KZ –| Аты аңызға айналған амеркиалық боксшы Майк Тайсон рингке оралуды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Xsport.ua.
T.I. деген лақап аты бар рэперге берген сұхбатында әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы жаттыға бастағанын мәлімдеді.
«Бір аптадан бері жаттығып жатырмын. Не айтайын, бабыңа келу өте ауыр: бұлшықеттің бәрі тырысып қалған, құрысқан денемнің ауырмайтын жері жоқ. Иә, жаттығып, рингке оралуға тырысып жатырмын, тамаша үшін жеңіл жекпе-жек өткіземін деп ойлаймын», – дейді ол.
Сондай-ақ, Тайсон өз жоспарымен де бөлісті.
«Залға барып жүрмін, бабыма келген соң қайырымдылық мақсатта бірнеше жекпе-жекке шығамын. Осындай шараларда үйсіздер және мен сияқты есірткіден зардап шеккен түрлі мазафакерлерге көмек үшін ақша жинауға болады», – дейді Тайсон.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!