HALYQLINE.KZ Үндістанның Нью-Дели қаласында стенд атудан өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде жерлестеріміз Қазақстан құрама командасы сапында табысты өнер көрсетті.
Әйелдер арасында командалық «trap» жаттығуынан Айжан Досмағамбетова күміс жүлдеге ие болды. Ол осы жүлдесі арқылы стенд атудан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағына қол жеткізді. Ал ерлер арасында Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Максим Коломоец қола жүлдені еншіледі.
Спортшылар енді мамыр айында Италияның Лонато қаласындағы халықаралық турнирдің келесі кезеңінде бақ сынайды. Оған дейін сәуір айының соңында Шымкент қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысады.
Әлем кубогы 30 наурызда аяқталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!