Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шахмат спортын дамыту мәселесі қаралды

08.04.2025, 18:05 139

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев ҚР Шахмат федерациясының Қызылорда облыстық филиалы төрайымы Сұлтангүл Ақмырзақызын қабылдап, спорттың осы түрін ауданда жан-жақты дамыту бойынша пікірлесті.

Шахмат — ақыл-ой, өрісті дамытатын спорт түрі. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі Арал ауданында да кеңінен өріс алуда. Әсіресе, бүгінде ауданда қабілетті, талантты жас шахматшылардың қатары артып келеді. Солардың қатарында аудан мақтанышы Ақылжан Мейіржанұлының есімі ерекше аталады. Бүгінде ол жасөспірімдер арасында өткізілген түрлі чемпионаттарда ауданымыздың абыройын асқақтатып, табысты нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Бұл аудан үшін үлкен жетістік.

Бұдан өзге ауданымызда мектептер арасында үстел спорттарынан додалар өтіп отырады. Алайда бұл салада жүйелі қолдаудың, заманауи инфрақұрылым мен білікті мамандардың қажеттілігі байқалады. Осы орайда, федерацияның ауданнан өкілін тағайындау, бірлескен жобалар ұйымдастыру, турнирлер өткізу, шахмат үйірмелерін жандандыру арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын ояту сынды ұсыныстар айтылды.

Бұл бағыттағы әріптестік алдағы уақытта нақты жобалармен жалғасып, аудан спортына жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Аудан басшысы Аманжол Сақыпұлы осы бағыттағы жұмыстарға жан-жақты қолдау білдіретінін жеткізіп, федерация өкілдері тарапынан айтылған ұсынстар бойынша тиісті бөлімдерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: