HALYQLINE.KZ «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта кездесуінде «Манчестер Ситиді» 3:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.
Осы ойында екі гол соққан «Реал» шабуылшысы Родриго УЕФА Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің рекордын жаңартты.
Чемпиондар лигасының тарихында ешкім 90-минутта және одан кейінгі уақытта екі гол соға алмаған. Ал Родриго 90 және 90+1-минутта мергендік танытты. Осылайша, бразилиялық футболшы бірегей жетістікке қол жеткізді.
Айта кетейік, алғашқы жартылай финалдық ойында «Манчестер Сити» өз алаңында «Реалды» 4:3 есебімен жеңген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!