Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық каратэші “Grand Winner” сыйлығына ие болды

02.06.2025, 12:15 214

Марокко астанасы Рабат қаласында қызылордалық каратэшіміз Мөлдір Жаңбырбай жыл үздігіне берілетін “Grand Winner” сыйлығына екінші мәрте ие болды.

Осы жылдың төрт жарысында 50 кг салмақ дәрежесінде ең көп ұпай жинаған жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай үздік спортшы атанып, әлемдік рейтингтің алдыңғы қатарына шықты. Осылайша әлемдік жарыстарда көк байрағымызды көкке көтеріп жүрген жерлесімізге “Grand Winner” жүлдесі екінші рет табысталды.

Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай биыл Париж қаласында өткен алғашқы Премьер-лига бәсекесінде қола, Ханчжоуда күміс, Каирде алтын медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек, спортшымыз бұған дейін каратэден Әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ қызы болса, енді екі дүркін “Grand Winner” сыйлығын алған алғашқы қазақ қызы атанды.

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: