Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық каратэші Каирдегі турнирде жеңіске жетті

21.04.2025, 11:30 318

Қызылордалық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Каирде өткен Karate 1-Premier League сериясының үшінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы halyqline.kz тілшісі спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.


«50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Жаңбырбай хорватиялық Эмма Сгарделлимен кездесіп, жекпе-жектің соңғы секундтарында шешуші ұпай жинап, жеңіске жетті», — делінген хабарламада.

Тағы бір отандасымыз Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда украиналық Александра Шолоховадан жеңіліп, күміс медаль еншіледі.

Мөлдір Жаңбырбай – Каратэ-до бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы (2013, 2017, 2018), әлем чемпионы, 2022 жылғы Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының финалисі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: