HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Токио Олимпиадасына қатысқан қызылордалық спортшыларды қабылдады. Олардың қатарында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев, каратаэ-до шебері Мөлдір Жаңбырбай және еркін күрестен Дәулет Ниязбеков бар.
Жүздесу барысында аймақ басшысы саңлақтардың айтулы аламанда ел намысын абыроймен қорғап қайтқанына ризашылығын білдірді. Беделді бәсеке барысында жерлестеріміз жанкүйер сенімінен шығатын деңгейде ойын көрсетті.
Жүздесу барысында облыс әкімі қола жүлдегер Қамшыбек Қоңқабаевқа демеушілір атынан Toyota Camry 75 көлігін сыйға тартты. Оның жеке бапкері Сейітжан Төкеновке 1 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Сондай-ақ, Мөлдір Жаңбырбай мен Дәулет Ниязбековке сондай көлемде ақшалай сыйлық берілді.
syrboyi.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!