Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада футзалдан ҚР Бірінші лига чемпионаты жалғасуда

15.10.2025, 9:25 148

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай Қазақстан футзал қауымдастығының ұйымдастыруымен аймағымызда тұңғыш рет «Евразия» спорт кешенінде футзалдан Қазақстан Республикасының Бірінші лига чемпионатының алғашқы кезеңі басталды.

Жалпы Бірінші лига төрт кезеңнен тұрады. Сәйкесінше үздік атанған 4 команда плей-офф кезеңіне жолдама алса, чемпион атанған команда жоғары лиганың жолдамасын еншілейді. Ал екінші орын алған команда жоғары лиганың төменгі сатысындағы командамен жоғары лиганың ұпайын өзара сарапқа салатын болады. Бес күнге жалғасатын доп додасына Атырау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Астана, Алматы, Тараз, Көкшетау қалаларынан келген 8 команда кәсіби шеберліктерін дәлелдемек.

14 қазан күні жолдастық кездесу өткізетін командалар тізімі төмендегідей:

Бәйтерек Жас (Орал) – Elim-AI (Көкшетау)

Елорда (Астана) – Хромтау (Хромтау)

Тараз Омега (Тараз) – Мақат (Атырау облысы)

Қызылорда (Қызылорда) – Қайрат (Алматы)

Айта кетейік, аяқдопшылар арасындағы тартысты бәсеке 13-17 қазан аралығында өтеді.

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: