Қазақстандық боксшы Ыстықкөлде суға батып, көз жұмды, — деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшы – Шымкенттің тумасы, есімі – Ибрахим Ирисматов. Ол 2003 жылы туған.
Оқиға болған сәтте сол маңда 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтіп жатқан.
Бокс федерациясының мәліметінше, қаза тапқан жігіт бұл жиынға қатыспаған. Демалуға барып, басқа демалыс базасында тұрған.
9 шілде күні марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!