HALYQLINE.KZ Алмат Жұманов («Қазақ Титаны» – лақап аты) бокс ережесі бойынша өткен айқаста Саяд «Иран Халкы» Гарибиді жеңді.
Араб Әмірліктерінің астанасындағы Dubai P7 Arena шаршы алаңында өткен жекпе-жек екі минуттан төрт раундқа есептелген болатын. Алайда қазақ спортшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Алмат – 112 тонна болатын темір жол вагондарын орнынан қозғап, Ан-72 ұшағын алты метрге сүйреген алып күш иесі.
Біздің сайт редакторы бұған дейін «Қазақ Титанымен» сұхбат жасаған еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!