HALYQLINE.KZ Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің бокс жəне таеквондо бөлімшелері спортшыларының оқу-жаттығу процестері күнтізбелік кестеге сəйкес өтуде.
Қамшыбек ҚОҢҚАБАЕВ,
бокстан Əлем чемпионатының күміс жүлдегері:
– Карантин кезінде үйден жаттығу жасау қиындық тудырды. Бірақ оған қарамастан жаттықтырушының берген тапсырмаларын орындап отырдым. Жалпы, үйде пайдалы уақыт өткізуге тырыстым. Бұл уақытта отбасыма көңіл бөліп, ағылшын тілін жетілдіруге ден қойдым. Əрі қарай Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстарын тоқтатпаймын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!