Өзбекстан елінің Чирчик қаласында 6-11 сәуір аралығында ауыр атлетикадан «UZBEKISTAN OPEN» ашық чемпионаты өтті.
Әлемнің мықтылары бас қосқан байрақты бәседе жерлесіміз Қамбар Тоқсанбаев 61 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс нәтижесінде 262 келі жинақтап, қола жүлдеге ие болды.
Аталмыш жарысқа Әзірбайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия мемлекеттерінің спортшылары қатысты.
Спортшымызды жүлделі орнымен құттықтаймыз!
@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!