Halyqline.kz ақпараттық агенттігі «Қайсар» футбол клубы туралы жазған «Қызылордалық клубқа не жетіспейді?» деген мақаламызға:
«Қайсар» футбол клубының мұндай қомақты қаражат төлеуге әлеуеті жоқ. Себебі, биыл клуб басшылығы 2020 жылдан бері жинақталған 470 млн теңге берешекті толықтай өтеуді мақсат қойды. Команданың футболшылар мен жаттықтырушыларға жалақы төлеудегі көрсеткіші премьер-лигада 14-сатыда. Тұтастай команданың бір айлық көрсеткіші «Астана» футбол клубында доп тебетін Марин Томасовтың айлық табысына жетпейді.
Академия сәтін салса биыл аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен жұмысын бастайды. Бүгінде алғашқы қадамдары жүзеге асып жатыр. Еуропаның беделді клубтары «Ливерпуль», «Рома», «Галатасарай» сынды командаларда қызмет атқарған шетелдің білікті жаттықтырушылары шақыртылып, жұмысын бастап кетті» деп жауап берді клубтың баспасөз қызметі.
Әрине, біз бұл ақпаратты «СпортРадар.kz» телеграм арнасынан алып, сілтеме жасадық. Оны өз мақаламызда да көрсеттік. Негізі, ол ақпаратты tengrinews.kz сайты да жариялаған еді.
Бірақ, клубтың бүкіл ойыншысының жалақысы бір Томасовтың айлығына жетпейді деген дерек бізді қатты қызықтырып отыр. Сонда «Астана» футбол клубының бетке ұстар футболшысы Марин Томасовтың айлығы неше теңгені құрайтын болып тұр? Сіз қалай ойлайсыз, ойлы оқырман!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!