Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Париж-2024: Садақшылардың қарсыласы анықталды

26.07.2024, 18:15 388

Фото: Владислав Семенов

25 шілде күні садақ атудан Қазақстан командасы Олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысып, ұпай жинады. Бүгін спортшылардың келесі кезеңдегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Іріктеу айналымынан соң садақ атудан Қазақстан командасы жалпы есепте 10-орында тұр.

Садақ ату, 1/32 айналым:

Ильфат Абдуллин – Эрик Петерс (Канада)

Александр Еременко – Аддис Баптиста (Франция)

Дәулеткелді Жаңбырбай – Хорхе Энрикс (Колумбия)

Еске сала кетейік, іріктеу айналымында Қазақстан сапынан ең көп ұпайды Дәулеткелді Жаңбырбай жинады. Ол 668 ұпаймен 22-орыннан көрінген. Ильфат Абдуллин – 29, Александр Еременко – 59-орында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: