Алматыда күрестен PWL-8 турнирі өтті, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Турнирдің шешуші белдесуінде қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан мен АҚШ-тың Олимпиада чемпионы Кайл Снайдер кездескен болатын.
Спортшылар 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, Снайдер 8:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, америкалық балуан турнир аясында екі жекпе-жек өткізді. Бұған дейін ол ресейлік Константин Пшеничниковті жеңген болатын.
Сонымен қатар бүгін 76 келіге дейінгі салмақта Жәмилә Бақбергенова мен 86 келіде Азамат Дәулетбеков те боз кілемге шықты.
Жәмилә қырғызстандық Айпери Медетқызына жол берсе, Дәулетбеков беларусьтік Магомедхабиб Кадимагомедовті жеңді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!