Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұржігіт Ерімбетов туралы не білеміз?

31.10.2025, 10:10 130

Жуырда Сербияның Нови-Сад қаласында U23 әлем чемпионатына Түркістан облысы атынан Шұғыла Өмірбек (55 кг) пен Нулифар Раиымова (57 кг) және Шәмшиябану Тастанбек (72 кг) қатысып, тек қана Шұғыла Өмірбек қана жеңімпаз атанды. Үш бірдей арудың бапкері Нұржігіт Ерімбетов екен.

Ерімбетов Нұржігіт Сәрсенбекұлы – Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылында 1987 жылы 11 маусым күні дүниеге келген. Мектепті аяқтағансын Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи атындағы университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқып бітіреді (2005-2009 жж). Кейін магистратураны аяқтайды (2010-2012 жж).
Н.Ерімбетов – 2014 жылдан бері Түркістан қаласындағы Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып қызмет атқарып келеді.

Шәкірттерінің жетістіктері:

U23 World CHampionships
1-орын: Шұғыла Өмірбек (Сербия, Нови-Сад-2025)

U20 World CHampionships
1-орын: Нилуфар Раимова (Ресей, Уфа-2021)

U17 World CHampionships
1-орын: Мадхия Усманова (Грекия, Афина-2025).

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұржігіт Ерімбетовтің арманы қандай?
– Армансыз адам қанатсыз құспен тең деп кез келген адамның арманы болары анық. Осы спортқа қатысты арманым әлі Қазақстанда әйелдер күресі арасында әлем және олимпиада чемпионы жоқ. Сол жолды бағындырсам деген мақсатым бар. Осы бастаған ісімді соңына дейін жеткізіп Қазақстан тарихына атымды алтын әріппен жазып қалдыру.

Айбек МҰХАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: