80 келідегі Нұрбек Оралбай Қытайдағы қандасымыз Тоқтарбек Таңатқанды жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Осылайша Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс жүлдемен әлем чемпионатын аяқтады. Бұл соңғы 10 жылдағы ең үздік көрсеткіш. Боксшыларымыз Алматыда өткен әлем чемпионатының алтын жүлде санын қайталанды. Бұл –Мырзағали Айтжанов бапкердің әлем чемпионаттары тарихындағы екінші ірі жеңісі десек, қателеспейміз.
Ташкент төрінде атой салған былғары қолғап шеберлері мынадай:
48 кг. Санжар Тәшкенбай – алтын;
67 кг. Дулат Бекпауов – күміс;
54 кг. Махмұд Сабырхан – алтын;
71 кг. Асланбек Шымбергенов – алтын;
80 кг. Нұрбек Оралбай – алтын.
Ұлттық құрама бұдан он жыл бұрын (2013 жылы) 4 алтын алған еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!