Елена Мухина 1960 жылы 1 маусымда Москвада дүниеге келгенмен, тағдыр оған о баста теріс қарады, 2 жасында анасы қайтыс болған соң әкесі басқа отбасын құрып кеткесін, әжесі Анна Ивановнаның тәрбиесінде болды. Мектепте оқып жүргенде, спорт мектебінің жаттықтырушысы Антонина Олежко келіп: «Кім көркем гимнастика секциясына қатысқысы келеді?» дегенде, Лена бірінші болып қолын көтерді, ол теледидардан қолында лентасы бар қыздардың музыкамен билейтін көркем гимнастикасын талай рет көріп, қызығатын. Мектеп оқушылары арасындағы түрлі жарыстарда көзге түскесін, жаттықтырушы А.Энглиттің қарамағына өтеді. Осы жаттықтырушысы кезінде Лена 14 жасында СССР спорт шебері атанады.
Осы кезде, СССР-дің олимпиадалық құрама командасының жаттықтырушысы Михаил Клименко өзі қызмет жасайтын ЦСКА клубына Мухинаны алдыртады. 1972 жылы өзінің жаттықтырған інісі олимпиада чемпионы болған еді, ол бірыңғай ер гимнастшылардың жаттықтырушысы болғандықтан, өте дөрекі болатын. Клименко 1976 жылғы Монреаль олимпиадасына Мухинаны дайындағанмен, құрама командаға ілінбей қалған себебі, іріктеу турнирінен өткенмен, Мухинаның жасы 16-ға енді толғасын болашағы әлі алда деді. Сол кездегі гимнастикадан СССР құрамасында шымкенттік Нелли Ким, Ольга Корбут, Людмила Турищева сияқты мықтылар болды. Олимпиадаға бармағанмен Мухина үлкен жетістіктерге жетті.
1977 жылы Европа чемпионатында снарядта, бөренеде, еркін жаттығу жасаудан чемпион болып алтын медаль тақты, 1978 жылғы Әлем чемпионатында да гимнастиканың осы үш түрінен чемпион атанды. Клименконың арманы 1980 жылғы олимпиадаға ерекше дайындық үлгісін көрсетіп, гимнастика тарихында қалу еді. Осыған дейінгі «Корбут шеңберіне» (Петля Корбута) қосымша қауіпті элементтерді қосып, «Мухина шеңберін» (Петля Мухина) жасауды қолға алып, ақыры Ленаға орындатты.
Бұл туралы Ленаның өзі былай деп: «Өзімнің атыммен аталатын петляны орындағанда еш қорыққан жоқпын. Бірақ оны кинопленкаға жазылғанын қайта көргенде, әсіресе ауада қалықтап кететін тұсын көргенде өзім қатты қорқып кеттім», деп еске алған болатын.
«Мухина шеңберін», құрметті оқырмандар, «Ютуб» каналынан көруге болады. Онда Лена гимнастикалық снарядтың жоғарғы жердинеде (труба) түргеліп тұрып, шалқасынан теріс қарай сальто жасап, өз шеңберінде 360 градусты жасап үлгеріп, томенгі трубаны екі қолымен ұстап үлгеріп, тағы да шыр айналып, жоғары трубаны ұстап үлгеріп, жерге сальто жасап түсуі керек болатын. Өзінің атындағы шеңберді жалғыз орындаушысы болып қалды, әлем бойынша бұл шеңберді ешкім жасай да алмайтын. Бұндай көрсеткіштерге Лена оңай жеткен жоқ, талай рет жарақат та алды.
Алғашқы жарақатты 1975 жылы СССР халықтарының Спартакиадасында баспен құлап, мойын сүйегін жарақаттап алғанда, дәрігерлер мойнына ортопедиикалық шығыршық кигізіп қойғанда, Клименко күнде ауруханаға келіп, ақыры кезекті турнирге айықпаса да алып кетті. 1978 жылы чемпионатта қабырғасын снаряд жердине соғып алғанда, ауырсынып жарысқа қатыса алмайтынын айтқанда Клименко: «сенің де сылтауын таусылмайды» деп тыңдамағасын амалсыз жалғастырып алтын медальды жеңіп алады. Москваға келген соң, тексерілгенде қабырғасы майысқан болып шықты. Осындай жарақатпен әлем чемпионы болды және қаншалықты ауырсынып тұрса да шыдап білдіртпеген! 1979 жылы аяғын сындырып алғанда, Клименко аяғындағы гипспен жаттығуға кел деп жекірді. «Мен жалғыз аяқпен қалай жаттығам, құлап қалам ғой?» дегенде, Клименко: «сенің құлағанын ешкімді ойландырмайды» дегесін, жаттығуға келіп, спорт снарядынан жалғыз аяғымен секіріп түсіп жүрді.
1980 жылғы Москвадағы олимпиадаға жарақатты көп алғандықтан, Мухина қатыспайды деп шешкенде, Москваға барып спорт комитетіндегілерге сенсациялық ұсыныс айтты, Мухина тек ер гимнастшылар ғана жасай алатын «Томас сальтосын» жасайды деп. Бұл программаны ол Ленаға жасырын түрде мәжүбірлеп жасатқан болатын, ер адам жасайтын жаттығуды 19-дағы қызға жасату, әріптес жатықтырушылары тарапы жағынан наразылық туғызатынын білген болатын.
Москва олимпиадасына аз уақыт қалғанда 1980 жылдың 3 маусымында Минск қаласындағы іріктеу турнирі кезінде помостыға шығып осы «Томас сальтосын» орындап жатқанда Елена Мухина құлап кетіп, ауруханаға түсті. Жұлынын омыртқа сүйегі қысып қалыпты, егер уақытында операция жасағанда спортпен қоштасқанмен мүгедек болып қалмас еді, Минскіде ондай операция жасайтын адам табылмады ма, әйтуір кеш 3 күннен соң жасалынғанмен, қан айналымы жүрмегесін жұлын тіндері кеуіп кетіп қалпына келмей, 20 жасында төсекке танылды.
1982 жылы Москваға арнайы келген Халықаралық олимпиадық комитеттің президенті Хуан Антонио Самаранч Олимпиаданың арнаулы күміс медалін тапсырды. Ал, мүгедек болуына тікелей себебші болған жаттықтырушысы М.Клименко Лена 1 жыл бойы ауруханада жатқанда келген жоқ. ЦСКА кубынан шығып кетіп, Италияда жаттықтырушы болды, Мухина қайтыс болғаннан кейін 1 жылдын соң өзі де о дүниелік болып кетті. Мухинаның әріптес гимнастшылары Клименконы сотқа бер дегенде Лена: «Мен жалғыз оны кінәлі деп есептемеймін, мен сан мәрте жарақат алғанда, спорттан өзім кетуім керек еді. Клименко да жүйенің құрбаны, жетістік қуып, мені құл сияқты ұстады. Мен жас болып, алған жарақатыма мән берген жоқ шығармын. Бірақ, оның қасындағы адамдар оны тоқтатқан жоқ, бәрі жайбарақат қарап отырды. Олардың қолында дәрігердің қорытындысы болса да, менің соңғы турнирге қатысуыма рұқсат берді» – деген болатын.
Үкімет арнаулы жабдықталған 2 бөлмелі пәтер беріп, мүгедектігіне байланысты жәрдемақы тағайындады, кейін президенттік ай сайынға зейнетақы тағайындады. Мұны естіген баяғыда тастап кеткен әкесі Вячеслав келіп жатып қалған қызына масыл болды. Әжесі 2004 жылы қайтыс болғасын Ленаның жағдайы болмады, күтуші тағайындалды, бірақ олар әжесінің орнын баса алмады. Осылайша 20 жасында 1 топтағы мүгедек болып, 26 жыл төсек тартып жатып, 2006 жылдың 22 желтоқсанында 46 жасында Елена Мухина қайтыс болды.
Мухина жарақат алған соң, халықаралық олимпиадалық комитет Ольга Корбут пен Елена Мухина атындағы «петляны» басқа гимнастшыларға орындауға тыйым салды.
Бақытжан Абдул-Түменбаев,
тарихшы, журналист-дайджест.
Қазалы ауданы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!