Тұрсынғали ЕДІЛОВ,
бокстан ҚР Ұлттық құрамасының 1996-2002 жылдардағы бас бапкері:
– Мұхтархан Ділдәбековті көп жаттықтырушылар жаратпады. Тәжірибесі аз деді. Мұхтархан – бағы бар спортшы. Азияны ұтып, олимпиадаға барды. Ол – жүректі жігіт. Соққысы мығым. Жүгіргенде жылдамдығы да күшті болатын.
Ауыр салмақта болса да 100 метрге жүгіргенде бәрін шаң қаптыратын. Басы қатты істейтін. Әдетте ауыр салмақтағы боксшылардың көбі нокаут алады. Мұхтарғанның ерекшелігі – ол бірде-бір нокаут алмаған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!