HALYQLINE.KZ Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ұйымдастыруымен командамыздың шабуылшысы Мамаду Диалло Ел біріншілігінің мамыр айындағы үздік ойыншысы деп танылған. Мамадудың марапаты Қызылордаға жетіп, клуб директоры Садық Шоңмұрынұлы жаттығу сәтінде футболшыға табыстады.
– Мамаду бұл марапатқа әдбен лайық. Команданың әрбір жеңісіне үлес қосып, қарсылас қақпасын дөп көздеуде. Бұл марапат Мамадудың одан әрі жақсы ойын көрсетуіне оң әсерін тигізуі тиіс, – деді Садық Шоңмұрынұлы.
Айта кетейік, Мамаду Диалло ел біріншілігінің 9 ойынында 8 гол соғып, сұрмергендер көшін бастап тұр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!