Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күрес түрлерінен қазақ балуандары олимпиададан неше жүлде алды?

26.06.2024, 10:50 138

1992-2020 жж аралығында қазақ палуандары жазғы олимпиада ойындарында – 18 медаль жеңіп алған (1 алтын, 5 күміс және 12 қола медаль). Еркін күрестен – 7, грек-рим күресінен – 6, әйелдер күресінен – 5.
Біздің мақтаныштарымыз мыналар:

Барселона-1992
3-орын: Дәулет Тұрлыханов (грек-рим).

Атланта-1996
1-орын: Юрий Мельниченко (грек-рим);
3-орын: Мәулен Мамыров (еркін күрес).

Сидней-2000
2-орын: Ислам Байрамуков (еркін күрес).

Афина-2004
2-орын: Георгий Цурцумия (грек-рим);
3-орын: Мхитар Манукян (грек-рим);
2-орын: Геннадий Лалиев (еркін күрес).

Пекин-2008
2-орын: Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим);
3-орын: Марад Муталимов (еркін күрес);
3-орын: Елена Шалыгина (әйелдер күресі).

Лондон-2012
3-орын: Даниял Гаджиев (грек-рим);
3-орын: Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес);
3-орын: Дәулет Шабанбай (еркін күрес);
3-орын: Гюзаль Манюрова (әйелдер күресі).

Рио-2016
2-орын: Гюзаль Манюрова (әйелдер күресі);
3-орын: Екатерина Ларионова (әйелдер күресі);
3-орын: Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі).

Токио-2020
3-орын: Нұрислам Санаев (еркін күрес).

Айта кетейік, биыл Париж олимпиадасына грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали (60 кг), Демеу Жадраев (77 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг), Әлімхан Сыздықов (130 кг), ал еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 кг), Әлішер Ерғали (97 кг), Юсуп Батырмұрзаев (125 кг) қатысады.

Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: