Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

KazFootball.kz: Әкімшілік «Астананы» қаржыландырудан бас тартты

02.06.2020, 9:15 381

HALYQLINE.KZ KazFootball.kz порталы Қазақстан чемпионы «Астана» футбол клубының қаржылық жағдайына пандемияның кері әсері туралы жазды. 

Ақпарат бойынша, футболшылар мен бапкерлер наурыз және сәуір айлары үшін еңбекақыларын алған. Былтырғы жылдың сыйақылары да толықтай төленген екен. Дегенмен Суперкубоктағы «Қайсарды» ұтқаны (1:0) үшін сыйақы төлене ме, белгісіз.

«Демеушілерге қатысты, «Астананы» жыл сайын қала әкімдігі мен «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландыратын. Бірақ биыл әкімдік клубты қаржыландырудан толық бас тартты. «Самұрық Қазына» бірінші жартыжылдықтағы қаржылық мәселелерді ғана шешіп берді. Ал, енді екінші жарты жылдық қаржысын қысқарта ма әлде өзгеріссіз қалдыра ма, белгісіз болып отыр», – деп жазыпты басылым. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: