Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Футзалдан ел кубогының жеңімпазы анықталды

25.03.2025, 9:30 87

“Семей» футзал клубы Алматының «Қайратынан» басым түсіп, Қазақстан кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі.

«Семей» финалда «Қайратты» 5:1 есебімен жеңіп, өз тарихында Алматы ұжымынан ең ірі есеп айырмасымен басым түсті.

Бұл кездесуде Кайо Торрес дубль авторы атанып қана қоймай, екі нәтижелі пас берді, сол арқылы финалдың MVP ойыншысы атанды.

«СЕМЕЙ» – «ҚАЙРАТ» – 5:1.

1:0 — Кайо Торрес
2:0 — Дедезиньо
3:0 — Кайо Торрес
4:0 — Кандидо
4:1 — Денер
5:1 — Дәрібай

Айта кетейік, «Семей» қазіргі Қазақстан чемпионы, клуб былтырғы маусым финалында «Қайратты» 3:1 есебімен ұтқан.

Биылғы маусымда әзірге «Қайрат» көш бастап келеді, ал «Семей» екінші орында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: