Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерасыл Қажыбаев – қола жүлде иегері

17.02.2025, 15:30 141

Дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшысы Ерасыл Қажыбаев Бакуда өткен Grand Slam жарысында қола медаль жеңіп алды.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дүбірлі додада 100 келіден жоғары салмақта белдескен балуанымыз жұбаныш белдесуде Түркия спортшысы Ибрахим Татароглуды жеңді. Осылайша қола медальға таласуға мүмкіндік алды.

Жүлде үшін таласта Қажыбаев грузиялық Саба Инанеишвилимен күресті. Татамиде барын салған Ерасыл бұл белдесуде жеңіске жетті. Осылайша Grand Slam жарысының қола жүлдесін иеленді.

Бұған дейін, Ерасыл Қажыбаев самбодан әлем чемпионатының қола жүлдесін еншілеген. Сондай-ақ, Азия ойындарының чемпионы және дзюдодан командалық сайыста Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: