Бұл – Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы төртінші алтын медалі.
Қазақстан құрамасының мүшелері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды. Оларға жеңіс сыйлаған уақыт 1:49.01.
Ескекшілеріміз Жапония құрамасы (1:49,237) мен Иран дуэтінен (1:50,486) алда болды.
«Тимур мен Сергейді жеңістерімен құттықтаймыз! Жекпе-жек тартысты өтті, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерінен озып шықты. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамыз. Біз сіздермен мақтанамыз!» – деп атап өтті ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!