23 қыркүйек пен 8 қазан күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындары басталды. Төрт жылда бір рет өтетін cайысқа Азияның 45 елінен 15 мыңнан астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медальға таласады.
Құрылық додасында Маңғыстау облысынан 8 спорт түрінен 11 спортшы өнер көрсетеді. Олар мыналар:
1. Эльдар Бірімбай, таеквондо;
2. Дмитрий Носков, велоспорт;
3. Сергей Пономарёв, велоспорт;
4. Бейбіт Жұқаев, теннис;
5. Нұрдәулет Жарылғапов, кураш;
6. Дархан Нортаев, джиу-джитсу;
7. Елжан Жұмаділ, джиу-джитсу;
8. Әсем Исаханова, джиу-джитсу;
9. Анастасия Ильясова, баскетбол 5×5;
10. Анастасия Уколова, жағажай волейболы;
11. Бибісара Асаубаева, шахмат.
Облыстық спорт басқарма басшысы Қанат Жұмабаев: «Азия ойындарына жолдама алу үшін спортшылар өте ауқымды дайындықты жасады. Көп еңбектенді. Азия ойындарына қатысудағы нәтиже ең алдымен спортшы мен жаттықтырушылардың ерік-жігерлері мен қажырлы еңбектерінің жемісі. Олар көптеген оқу-жаттығу жиындарында болды. Кешенді жаттығулар жасады, халықаралық жарыстарға қатысты. Бұл оңай жол емес. Енді спортшылар жеңіске жетулеріне сенім білдіремін. Сәттілік тілеймін!
Себебі, бұл – үлкен жауапкершілік. Спортшылар тек қана Маңғыстаудың емес, Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Біздің спорт басқармасының атынан спортшылар мен бапкерлерге әрдайым қолдау көрсетіледі. Маңғыстаулық спортшыларға Азиадада жеңіс тұғырынан бағындыруды нәсіп етсін, маңғыстаулықтардың атынан сенім білдіремін!», – деді.
Айта кетейік, Қазақстан спорттың 30 түрінен 524 спортшы (262 ер, 262 әйел) қатысады.
Cурет sport_manystau инстаграм парақшасынан алынды.
Айбек МҰХАНОВ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!