Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдық азамат «Қайрат» — «Реал Мадрид» ойынына жігерлі ән арнады

29.09.2025, 9:20 310

HALYQLINE.KZ

Әуесқой футболшы, компьютерлік технологияның майталман маманы, мұнай саласында қолтаңбасы бар аралдық азамат Ғабит Нұрқожаевтың есімін біреу білер, біреу білмес.

Құдай қаласа, ертең Алматыда жергілікті «Қайрат» командасы әйгілі «Реал Мадрид» командасын қабылдайды. Кеше түнде шетелдік аяқдопшылар оңтүстік астанаға жетті. Оның фанаттары да елімізде жеткілікті болып шықты. Оны аталмыш команданың ұшағын онлайн бақылағандар мен әуежай маңына жиналған жұрттың қарасынан білуге болады.

Ал, Ғабит Нұрқожаев қос клубтың ойынына арнайы жігерлі ән арнады. «Құрметті жанкүйерлер! «Қайрат» — «Реал Мадрид» ойынына арналған менің жігерлі әнімді қолдап, стадионда шырқатсаңыздар!» дейді аралдық азамат.

Айта кетейік, сөзін жазған Ғабиттің өзі, ал әні қазіргі заман талабына сәйкес жасанды интеллект құралы арқылы таңдалған.

Пікірлер:
  • Қайратқа қолдау осылай берілуі керек! 👏 Әріптесіміз Ғабит Нұрқожаевтың жігерлі әні – жанкүйерлерге рух, ойыншыларға мотивация. ⚽🔥

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: