Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алпамыс – ел чемпионы!

26.02.2025, 12:00 51

Алматы қаласында өтіп жатқан U-20 және U-17 жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында аралдық балуандар тамаша нәтиже көрсетті.

Грек-рим күресінен 60 кг салмақта сынға түскен Болатұлы Алпамыс қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды! Сонымен қатар, ол «Қазақстан Республикасының спорт шебері» нормативін орындап, үлкен белесті бағындырды. Алпамыс – жас та болса, көптеген жетістіктерге жеткен дарынды спортшы. Ол U-17 жасөспірімдер арасында 2024 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, U-15 санатында 2022 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ 2022-2025 жылдар аралығында төрт дүркін Қазақстан чемпионы атанып үлгерді. Қазір ол Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжінде білім алуда.

Айбат Ибраймовта(97 кг, еркін күрес) ел біріншілігінде тамаша өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Айбат бұған дейін де ҚР чемпионатында үздіктер қатарынан көрініп, бұл жетістігін тағы бір мәрте қайталады. Қазіргі таңда ол Алматы қаласындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» студенті.

Грек-рим күресінен тағы бір мақтанышымыз Махамбет Мираста шеберлігін дәлелдеп, қола жүлдеге ие болды. Ол – «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжінің» 10-сынып оқушысы. Бұған дейін Аралқұм ауылындағы №61 орта мектепте білім алған.

Бұл жеңістер – спортшыларымыздың қажырлы еңбегі мен жаттықтырушыларының зор еңбегінің жемісі. Алдағы күндері еркін күрестен U-17 жасөспірімдер арасындағы бәсекеде бақ сынайтын палуандарымызға сәттілік тілейміз!

Спортшыларымыздың бапкерлері: Кегенбаев Дәурен – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушысы, Қожекенов Талғат, Төлебаев Бахтияр, Болатұлы Әліби, Таңатаров Ардақ – №19 аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жоғары санатты жаттықтырушылары.

Жүлделеріңіз құтты болсын, жігіттер! Жеңісті күндер көп болсын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: