Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айсұлудай батыр қызы бар қырғыз қандай бақытты!

07.10.2024, 10:15 143

Қазақтан қашан үш дүркін әлем чемпионы шығар екен?

Отыз бір жастағы қырғыздың балуан қызы Айсулу Тыныбекова ер жігіттерге бергісіз ерлік көрсетіп жүр. Қазақтан әлі күнге дейін үш дүркін әлем чемпионы шыққан жоқ. Қырғыздар күресі жақсы дамытып келеді.

Жақында Қырғызстан күрес федерациясының президенті Мэлс Турганбаев орнынан кетіп, жаңадан президент болып Эркин Тентишев келді. М.Турганбаев неге кетті екен? Негізі, жақсы жұмыс істеген еді. Париж олимпиадасына қырғыз елінен 16 спортшы қатысып, 6 жүлде алған. Бокстан – 1 күміс; әйелдер күресінен – 1 күміс, 1 қола; грек-рим күресінен – 3 қола алды.

Қазақстанның күрес түрлерінен алғаны 1-ақ күміс. Бірақ Күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов «отставкаға» кетпейді. Отыз жылда олимпиададан бір де бір қазақ баласы алтын алған жоқ. Неге?

Мен Қазақстан күрес федерациясының президенттігіне Мәулен Мамыров пен Ақжүрек Таңатаровтың біреуін таңдар едім. Екеуі де лайық. Мәулен де, Ақжүрек те – еркін күреске еңбегі сіңген азаматтар.

Дәулет Болатұлы үш бірдей жұмысты қалай істейді? Бәріне қалай үлгеріп жүр екен? ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Азия күрес федерациясы және Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының президенті.

Ресейде күрес федерациясының басшысын сайлау 21 қарашада өтейін деп жатыр. Конференцияда басқару органдары – федерация президенті, бірінші вице-президенттер, және атқару комитетінің мүшелері сайланады. Ұзақ жыл күрес федерациясын Михаил Мамиашвили басқарады. Ол 2000, 2004, 2008, 2013, 2016 және 2020 жылдары қайта сайланды.

Бізге де Қазақстан күрес федерациясының президентін сайлау керек сияқты. Өйткені күресте проблема көп. Әсіресе, өзіміздің спортшыларымыз олимпиадада алтын ала алмай келеді. Көбіне федерация легионерлерді шақыруға әуес. Ауылдан мықты балаларды іздеп дайындағысы келмейді.

ӘК Айсулу Тыныбекованың спорттағы жетістіктері:

🥈🥉Жазғы олимпиада ойындары;

🥇🥇🥇🥉Әлем чемпионаты;

🥇Әлем кубогы;

🥇🥉🥉Жазғы Азия ойындары;

🥇🥇🥇🥇🥇🥇🥈🥈🥈🥉Азия чемпионаты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: