Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемдік жеңіс – салтанатты қарсы алу

14.10.2025, 9:05 119

Halyqline.kz

Спорт жанкүйерлері пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионы Бойко Снежаннаны салтанатты түрде қарсы алды.

Сыр спортының жеңісті күндері жалғасын табуда!

Жуырда Мысыр елінің астанасы Каир қаласында жасөсіпірімдер, жастар және ересектер арасында жылдың ең басты додасы пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өткен болатын. Байрақты бәсекеде Сыр елінің талантты спортшысы Бойко Снежанна жасөспірімдер арасында 41 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 74 кг жинақтап, Әлем чемпионы атанды. Осы нәтиже арқылы спортшымыз Азия және Әлем рекордын жаңартып, ел мерейін үстем етті.

Осыған орай, бүгін Сыр жұртшылығы Әлем чемпионы Бойко Снежаннаны және жаттықтырушысы Бақытбек Рысбаевты теміржол вокзалынан сән-салтанатымен қарсы алды.

Салтанатты шараға облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы, басқармаға қарасты спорт мектеп директорлары, жаттықтырушылар, жас спортшылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Өз кезегінде басқарма басшысы Снежаннаның бұл жеңісін тек Сыр өңірінің ғана емес, күллі қазақ елінің мерейін өсірген үлкен жетістік екенін атап өтті. Сондай-ақ, жас спортшының жеңіске жетудегі табандылығы мен ерік-жігеріне шынайы ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да әлемдік аренада үлкен белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

Ал Әлем чемпионы Бойко Снежанна мен жаттықтырушысы Бақытбек Рысбаев қолдау білдірген барша сырбойылықтарға алғыс білдіріп, алдағы дүбірлі додаларда жеңіске жету жолында аянбай еңбек ететіндерін жеткізді.

Салтанатты шара соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

Спортшымызды чемпион атануымен тағы да құттықтаймыз!

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: