HALYQLINE.KZ Қазір ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл туралы ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бас бапкер Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атағаннан кейін, Қазақстан бокс федерациясының басшылығы өз тарапынан бағыт-бағдар мен нұсқауларын жасады.
Естеріңізге сала кетсек, Белградта өткен соңғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 5 медаль (2/2/1) иеленген болатын. Сербия астанасындағы жаһан біріншілігінің 3 бірдей финалисі (әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, күміс жүлдегерлер – Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов) Ташкент шаршы алаңында өнер көрсетеді.
Өзбекстан астанасында ел намысын қорғайтын боксшылар:
- 48 келі: Санжар Тәшкенбай
- 51 келі: Сәкен Бибосынов
- 54 келі: Махмұд Сабырхан
- 57 келі: Серік Теміржанов
- 60 келі: Талғат Сырымбетов
- 63,5 келіг: Санатәлі Төлтаев
- 67келі: Дулат Бекбауов
- 71 келі: Асланбек Шымбергенов
- 75 келі: Нұрқанат Райыс
- 80 келі: Нұрбек Оралбай
- 86 келі: Сағындық Тоғамбай
- 92 келі: Айбек Оралбай
- + 92 келі: Қамшыбек Қонқабаев
Әлем чемпионатының басталуына тура бір апта қалды. Жарыс 1-14 мамыр аралығында өтеді.
Ұйымдастырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысады деп отыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 13 салмақ дәрежесі бойынша анықталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!