Дзюдошы Әділжан Жаудинов кадеттер арасында әлемдік рейтингте 6 орында тұр. Үздік ТОП-6 елдің дзюдошылары:
1. Иоан Абалаки (Грузия) – 802 ұпай;
2. Канта Уэяма (АҚШ) – 602 ұпай;
3. Георгий Карчаидзе (Грузия) – 510 ұпай;
4. Даниель Чермак (Венгрия) – 480 ұпай;
5. Алибек Дурдиев (Өзбекстан) – 448 ұпай;
6. Әділжан Жаудинов (Қазақстан) – 420 ұпай.

2025 жылы Әділжан Жаудинов төрт ірі жарыс пен бір мәрте ел чемпионатында топ жарды.
Мамыр айында Кадеттер арасында Еуропа кубогының жеңімпазы (Сан-Жуан-да-Мадейра-2025);
Шілде айында Кадеттер арасында Азия кубогының күміс жүлдегері (Алматы-2025);
Тамыз айында Кадеттер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері (София-2025);
Қазан айында Жасөспірімдер арасында ІІІ Азия ойындарының күміс жүлдегері (Манама-2025);
Қараша айында Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы (Ақтау-2025).
Айта кетейік, дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан біріншілігінде Әділжан Жаудинов – екі мәрте чемпион болды (2023-2024 жж).
Айбек МҰХАНОВ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!