Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолдау: Президент не деді?

01.09.2023, 11:44 354

HALYQLINE.KZ

-Ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс.

-Өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет.

-Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс.

-Ұлттық қор – балаларға: Жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды.

-Біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет.

-Дүниежүзілік сауда ұйымының бағалауынша, біздің елдегі ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен, небәрі 128 тарифтік емес шара. Сол себепті біз сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек.

-Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет.

-Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды, басқаша айтқанда, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет. Біз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуге тиіспіз.

– Басқа мемлекеттермен салыстырғанда туризм саласы артта қалып келеді. Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс.

– Өңдеу өнеркәсібін қолдау үшін шетелдік және отандық инвесторларды алғашқы үш жылда салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден босату қажет.

-Атом электр стансасын салу мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн.

-Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет.

-Армиямыз жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен, оның ішінде бронетранспортерлермен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, заманауи атыс қаруларымен қамтамасыз етілуі керек.

-Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады.

-Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн.

– Біз «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз.

-Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады.

– 2026 жылға қарай IT қызметтердің экспортын 1 миллиард долларға жеткізу. Бұған ірі шетелдік IT компаниялармен бірлескен кәсіпорындар ашу жәрдемдеседі.

-Цифрландыру саласын реттейтін біртұтас заң әзірленеді.

-Қазақстан темір жолын» толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтау қажет.

-Электр энергиясы бойынша көрші елдерге тәуелді болмауымыз керек.

-«Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек. Басты назарды облыс орталықтарына емес, ауданға, моноқалаларға және ауылға аударған жөн.

-Қайтарылған активтің бәрін ашық түрде нарыққа шығару керек.

-Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын тоқтатуы керек.

-Банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кетті.

-Air Astana мен QazaqGaz халықтық ІРО-ға шығарылады.

-Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді.

-Салықтық жеңілдіктерді 20 пайызға қысқарту керек.

-Қазір Қазақстанда екі қор биржасы бар. Олар жұмыс барысында көбіне бірін-бірі қайталайды, тіпті өзара бәсекеге түсіп жатады. Еліміздің қаржы жүйесі үшін бұл тым артық. Ішкі нарықтың көлемін және тартымдылығын арттыру үшін осы биржалардың әлеуетін біріктіріп, бір жерден басқару мәселесін қарастыру қажет.

-Әр облыс орталығында креативті индустрия орталығы болу керек.

-Қазақстанда креативті индустрия секторы әлі дамымаған. Жалпы ішкі өнімге қосатын үлесі 1 пайызға да жетпейді.

-Буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек.

-Енді қазақстандықтарға 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленеді.

– 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеріледі.

Берік  БЕЙСЕНҰЛЫНЫҢ фейсбуктегі парақшасынан алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: