HALYQLINE.KZ –| Қашықтан оқыту жағдайында оқушылар Бөлімдік жиынтық бағалау (БЖБ), тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тапсырады. Қызылорда облыстық білім басқармасы оқушылар мен ата-аналар білуі тиіс талаптарды ұсынады:
БЖБ және ТЖБ өтілген оқу сабақтары негізінде әзірленеді. Яғни, оқу материалынан тыс сұрақтар болмайды.
Әрбір педагог тапсырманы өзі құрастырып, бағалаудың өлшемшартын өзі әзірлейді.
БЖБ және ТЖБ 1-4-сынып үшін 2 тапсырмадан артық болмауы керек, ал 5-10-сыныптар үшін 5 тапсырмадан артық болмайды.
БЖБ және ТЖБ тапсырмалары оқушыларға электронды ресурстар арқылы жіберіледі (эл/почта, электронды күнделік, WhatsApp желілері)
БЖБ тапсыруға 20 минут, ТЖБ тапсыруға 40 минут беріледі. Ал, 1-4-сынып оқушыларына уақыт шектеуі жоқ.
Аптасына 2 және одан көп сағатты құрайтын пәндер үшін БЖБ 4-11 мамыр аралығында өтеді.
Аптасына бір сағатты құрайтын пәндер үшін БЖБ 11-15 мамырда өтеді.
1-10-сыныптардағы ТЖБ, 11-сыныптағы бақылау жұмысы 18-22 мамыр кезеңінде өтеді.
Бір күнде оқушылардан 3 жиынтық жұмысы ғана алынады.
Интернетке мүмкіндігі жоқ елді мекендерде тапсырмалар қағаз түрінде санитарлық талаптар сақтала отырып оқушылардың үйлеріне жеткізіледі.
ЕСКЕРУ КЕРЕК:
Ата-аналар, оқушылар БЖБ және ТЖБ-ға арналған кестелер әр мектептің фейсбук парақшасына орналасады. Сонымен бірге WhatsApp желісі арқылы әр педагог әр сыныпқа жеке жолдайды.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Жауапты сәтте ұстаздармен бірге болып, оқушылардың лайықты білімі үшін БЖБ және ТЖБ сынақтарын тапсыруға сіздердің қолдауларыңыз қажет. Ата-ана – бала – ұстаз үштігі бірлессе оқу сәтті әрі нәтижелі болмақ. Сондықтан, балаларыңыздың кестеге сай тапсырманы орындауына ықпал етулеріңізді сұраймыз. Сіздің балаға берген көмегіңіз – ұстазды қолдап, демегеніңіз. Оқушыларға сәттілік тілейміз!
Қызылорда облысының
білім басқармасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!