Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды, оны Режеп Тайип Ердоған қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.
Мемлекет басшысын күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті.
«Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл – мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгін мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!