Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зүлфия Сүйлейменованың орнына Ерлан Нысанбаев келді

05.09.2023, 11:54 391

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне Ерлан Нысанбаевтың кандидатурасын мақұлдап, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды.

«Мәжілістің Экология және табиғи ресурстарды басқару комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындау үшін Ерлан Нұралыұлы Нысанбаевтың кандидатурасы келісілді» делінген Мәжіліс хабарламада.

«Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалсын» делінген президент жарлығында.

2009 жылдың тамызынан бері Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Еске салайық, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін Зүлфия Сүлейменова басқарған болатын. Оның тұсында бірнеше ірі өртену оқиғасы тіркелді. Абай облысындағы өрт бойынша «Семей орманы» резерваты мен Жаңа Шүлбі бөлімшесінің басшылығы күдікті ретінде танылды. Бас прокуротура осы өртке қатысты барық лауызымды тұлғадан жауап алатынын хабарлаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: