Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
«Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылсын», – делінген құжатта.
Еске сала кетсек, бұған дейін Энергетика министрі болған Нұрлан Ноғаев министр қызметінен босатылып, Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!