Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі тағайындалды

22.01.2023, 9:30 406

HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысы өтті. Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымына Шәкірбаев Мақсат Сәмитұлы тағайындалды.

Аймақ басшысы жаңа қызметтің тізгінін ұстаған Мақсат Шәкірбаевқа әділ әрі дұрыс шешім қабылдайтынына сенім білдірді.

– Мақсат Сәмитұлы осы кезге дейін жинақтаған мол тәжірбиесі мен жоғары білімін облыстық жергілікті атқарушы органдар бойынша ұжымда моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес өзара-қатынастар мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға жұмсайды деп сенеміз.

Мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен тиісті деңгейде жұмыс жасауды тапсырамын, – деді облыс әкімі Н.Нәлібаев.

Мақсат Шәкірбаев 1981 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Заңтану» магистрі.

Еңбек жолын 2002 жылы Қызылорда облысы прокуратурасының прокуроры қызметінен бастаған.

2003-2007 жылдары Қызылорда табиғат прокурорының аға көмекшісі.

2007-2019 жылдары бірқатар орталық атқарушы органдарда түрлі жауапты қызметтерді атқарған.

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің бас консультанты және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің департамент директорының орынбасары.

2020 жылдан осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы қызметін атқарып келген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: