Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Педколледжге жаңа басшы келді

27.11.2020, 12:45 1212

HALYQLINE.KZ Бүгін облыстық білім басқармасының бұйрығымен, 12 қарашада өткізілген конкурс нәтижесі негізінде М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің директоры лауазымына Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы тағайындалды.

Білім басқармасының басшысы Ақзира Бақтыбайқызы жаңа басшыны колледж ұжымына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы 1979 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тарих, қосымша мұрағат ісі» мамандығын, «тарих пәнінің мұғалімі, қосымша мұрағат ісі» маманы біліктілігімен бітірген. Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін аяқтаған. Педагогика ғылымдарының магистрі. Халықаралық ақпараттандыру Академиясының кандидаты.

Еңбек жолын М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде «Қоғамдық пәндер» оқытушысы ретінде бастаған.

2001-2003 жылдары «Қоғамдық пәндер» пәндік-циклдік комиссиясының жетекшісі;

2012-2013 жылдары «Сырттай оқу» бөлімінің меңгерушісі;

2012-2013 жылдары «Бастауыш педагогикасы» бөлімінің меңгерушісі;

2013-2020 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

Жақсыгүл Қоханқызы – бірнеше ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекелік төсбелгісінің иегері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: