Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Басқосуға арнайы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Саркулов келді.
Жиынға құқық қорғау органдары басшылары мен облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары қатысты.
Отырыста облыс әкімі осы кезге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған Рустам Ақмырзаевтың нәтижелі еңбегін атап өтті.
Жиында Ұлан Саркулов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша жаңа департамент басшысы қызметіне тағайындалған Мырзалы Серікжан Қуанышбекұлын таныстырды.
Аймақ басшысы жаңа басшысының қызметіне сәттілік тілеп, бірлесіп нәтижелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді.
– Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуде біздің басты қағидамыз – ашықтық пен әділеттілік екенін ел Президенті үнемі айтып келеді.
Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай күресу, бұл – жел диірменмен алысумен тең» деп қоғамдағы басты кеселмен күрес жүргізуде ашықтық қағидатын басты ұстаным етуді нақты тапсырды.
Серікжан Қуанышбекұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, мемлекеттің басты міндеті – жемқорлықпен ымырасыз күресу арқылы қоғамда қылмыстық жағдайды жоюға, заң үстемдігін орнатуға мүдделік танытады деп сенім білдіреміз.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын берік орнатуға ықпал етіп, ұлттық жобалар аясындағы халықтың тұрмысы мен экономикалық әлеуетін жақсартуға бағытталған бюджет қаражатының мақсатты жоспарланып, әділетті түрде жұмсалуына табанды еңбек етесіз деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда облыс әкімдігі департаментпен бірлесіп, тәуекелдерді басқаруға арнайы құрал ретінде жобалық басқару жүйесін іске асыруда. Ішкі талдауларға сүйене келе, алдағы міндеттерді мүлтіксіз атқаруда Сіздермен тізе қосып, ортақ игілікке қызмет атқарамыз деп сенемін. Жауапты да күрделі қызметіңізге абырой тілеймін, – деді Н.Нәлібаев.
Актив отырысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев Серікжан Қуанышбекұлына абыройлы қызмет тіледі.
Серікжан Мырзалы 1979 жылы Семей облысында дүниеге келген.
Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы ішкі істер органдарында бастаған.
1999 – 2002 жылдары ішкі істер органдарында абыройлы еңбек етті.
2002 – 2012 жылдары прокуратура органдарында қызмет атқарған.
Ал, 2012 – 2016 жылдары қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында басшылық лауазымдарда жоғары деңгейде жұмыс істей білді.
Серікжан Қуанышбекұлы 2016 – 2022 жылдары ҚР Бас Прокурорының көмекшісі, басқарма бастығы, Өскемен қаласының прокуроры лауазымдарында лайықты деңгейде қызмет атқарды.
2022 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы қызметінде болды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!